1.Бау бақша белдер,
  Орман тау көлдер,
  Көрікті шексіз даламыз.
  Дәулеті тасқан, 
  Сәулеті асқан,
  Көңілді ауыл қаламыз.
        қ-сы:
Жадырап күндей,
Жайнаған гүлдей,
Бақытты біздер баламыз.
2.Өзіміз туған,
  Көбелек қуған,
  Өлкеде өсіп толамыз.
  Жалықпай оқып,
  Көңілге тоқып,
  Білімді адам боламыз.