Әлемнің жарығын
Сыйладың сен маған
Даланың әр гүлін
Жинадың сен маған
Сен берген құстардың
Қанатын самғаған
Балалық құштарым
Өзіңе арнаған
Әлдилеп аялап
Өсірген жемісің
Самал жел, сая бақ
Құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де
Мен саған сәбимін
Көңіліңді көктемдей
Көзіңнен танимын
Өтеуге борышын
Анашым, жан сырым
Іздедім сен үшін
Әлемнің асылын
Әлемнің байлығын
Сыйлар ем кеш мені
Қолыма түспеді
Сыйлар ем ,ай, күнін
Әлдилеп аялап
Өсірген жемісің
Самал жел, сая бақ
Құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де
Мен саған сәбимін
Көңіліңді көктемдей
Көзіңнен танимын
Ете гөр қанағат
Әзірге берерім
Балалық махаббат
Балалық жүрегім
Бол риза, анашым
Қолдағы осы бар
Өзіңе арнаған
Әнімді қосып ал
Әлдилеп аялап
Өсірген жемісің
Самал жел, сая бақ
Құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де
Мен саған сәбимін
Көңіліңді көктемдей
Көзіңнен танимын
Өтеуге борышын
Анашым, жан сырым
Іздедім сен үшін
Әлемнің асылын
2. Өз балаңнан, артық бала, бар ма ана?!
Мәз боласың жарай қалса шаруана.
Теңіздіде кешіп өтіп жетпей ме,
Жан ботасын сағынғанда ару ана.
Ару анасың тек балаңа жан ана
Сенсіз менің бақ жұлдызым жана ма?!
Сенсіз менің айым туып алдымнан,
Атым шауып бас бәйгені ала ма!
Асыл ана, сенен қуат алайын
Алдым сенен атар таның арайын
Сененің ғана жанарыңда тұратын
Мейірімді кайдан ғана табайын
3. Мереке күніңмен, Қарсы алам өзіңді. Сәбилік сезіммен, Арнаймын сөзімді. Қайырмасы Көргенше алаңмын, Аңсаймын, толғанам. Қабыл ал, балаңның, Сәлемін жолдаған. Бөбегің оянса, Ұйқыңнан мың тұрдың. Гүліңмен балауса, Көктемдей құлпырдың. Қайырмасы Аялап алақан, Мәпелеп өсірген. Аяулы жан анам, Қатемді кешірген. Қайырмасы Сырымды ұғатын, Өзіңсің қуатым. Күнімсің шығатын, Айымсың туатын.