Жұлдыздар жарқырайды,
Толқындай сарқырайды кең, көңіл...
Тулайды, жалындайды, еркіңе бағынбайды,
Тек, асау бұл өмір...
Припев
Бұл өмірде сан тараулы жол бар,
Болсадағы жан санаулы қолдар.
Ала сұрмас менің асыл арманыма,
Жеткізеді арайлы таңдарда,
Бұл өмірде... Бұл өмірде... Бұл өмірде...
Бар болсаң көре алмайды,
Жоқ болсаң бере алмайды кең, жалған...
Жақсыға сене алмайды,
Жаманды жеңе алмайды кей, бақытсыз жандар...
Припев
Арманым да сенсің, бұл өмірде,
Бар бағым да сенсің, гүл өмірде.
Жан сырымды менің ұғынатын,
Жан жарым да сенсің, бұл өмірде,
Бұл өмірде... Бұл өмірде... Бұл өмірде...