1Бақыт қонатын күн дабыл қағатын күн
Бүгін ақ тіліктер қабыл болатын күн
Бізбен бірге ән сала
күнде тұр тамсана
Шаттық сыйлайтын күн баршаға
Припев: Байлығың берекең
көңілің көл екен
Құтты болсын елім мереке
Пейілің кең екен
далаңа тең екен
Тарқамасын мәнгі мерекең
2Шашқан нұр ұшқынын Бәрі туыс бүгін
Тұрса бұзылмастан осы тыныш көңіл
Биле беделіңде шексіз көңілімде
Болсын мереке тек елімде