Арманым ақ сәулелі күнімбісің,
Әлде бір алаулаған гүлімбісің.
Әлде бір желпіп өткен самал ма едің,
Арманым айтарым көп саған менің.
Қ а й ы р м а с ы:
Асыл арман, асыл арман,
Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің.
Асыл арман, аспанымда жарқылдаған
құсым ба едің,
Мен сенің құдіретіңе,
мен сенің құдіретіңе түсінбедім.
2
Арманым құздан құлар бұлақпысың,
Әлде бір күлімдеген шырақпысың.
Әлде бір албыраған ай ма екенсің,
Арманым, айтшы маған қайда екенсің?
Қ а й ы р м а с ы:
Асыл арман, асыл арман,
Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің.
Асыл арман, аспанымда жарқылдаған
құсым ба едің,
Мен сенің құдіретіңе,
мен сенің құдіретіңе түсінбедім.
3
Арманым жүрегімнің жыры ма едің,
Жас ару жанарының нұры ма едің.
Әлде бір сазы ма едің домбырамның,
Қиялды асқар шыңға қондыратын.
Қ а й ы р м а с ы:
Асыл арман, асыл арман,
Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің.
Асыл арман, аспанымда жарқылдаған
құсым ба едің,
Мен сенің құдіретіңе,
мен сенің құдіретіңе түсінбедім.