сүйгенімді бір өзіңе қалайша жеткізем
Бір өзіңсіз күндерімді көңілсіз өткізем
Күндіз түні өзіңді ойлап сағынып жүрмін ғой
Біз кездескен сол жағада мен жалғыз тұрмын ғой
қайырмасы:
Өзіңді іздедім, үмітті үзбедім, сен жайлы түс көрдім жаным,әнім
Толқынға қарайлай,мен тұрмын жағады, өзіңді күтуменен
Қасымнан табылшы, ақ моншақ тағыншы ,сен мені сағыншы жаным, әнім
Мен сені саялай , сен мені аялай, жүрейік қол ұстасып.
2.Жетелейтін бір өзіңе сол нәзік пәк сезім
Арманым да ,бақытым да ,ардағым сен менің
Күтіп жүрмін,күте берем , күтуден жалықпай
Ұшар едім қанатым жоқ өзіңе қалықтай