Барады аулым көшіп Қызылжарға,
Таң атар, шолпан туып, сызылғанда, 
Көзіңнің мөлдірін ай.
Осы әнге тамылжытып сала берем, 
Көңілім өзіңді ойлап бұзылғанда,
 Көзіңнің мөлдірін ай.
Қайырмасы:
Құландай жүйрік майда жал-ай, 
бар ма екен біздей ынтызар-ай,
Ішінде топ қарағай уәделескен,
 Көзіңнің мөлдірін-ай.
Не алды қарайғанда қамыс қалды
Ауылы қалқатайдың алыс қалды,
 Көзіңнің мөлдірін-ай.
Ауылға алыс қалған қарай-қарай
Қайрылып қаршығадай мойным талды,
 Көзіңнің мөлдірін-ай
қ-сы
Ұшады аққу көлден қайраңдаған
Дариға, өткен өмір айналмаған, 
Көзіңнің мөлдірін-ай.
Ауылда алыс калған, қимас қалқа
Жүзіңді сағындым ғой жайраңдаған,
Көзіңнің мөлдірін-ай.