«АСПАНҒА»
1.Бақыт жайлы аңыз құрып екеуміз,
Деуші едік ғой, ғашық болып өтерміз.
Кеш ұғындық аралары айшылық,
Қосылмайтын қос сезімдер екенбіз.
Қ / сы:
Аспанға,
Қара аспанға жұлдыздарды шашқанда,
Шақырушы ең бақытты өмір бастауға
Ақ желкенің алып ұшқан.
Аспанға,
Қара аспанға жұлдыздарды шашқанда,
Жанарымда жылайтында жас қалмай,
Өртендім-ау сағыныштан2
2.Мен келемін ұшқан құстан сәлем – деп,
Ғажайыпқа толы мынау әлем – деп.
Сен келесің тағдырыңның алдында,
Адамдардың әлсіздігін дәлелдеп.
Қ / сы: сазды әуен.
3.Жүрсек тағы біздер алтын саяда,
Жүрек шіркін бір естіртпей қоя ма?
Көрген жерде сәлеміңді аяма,
Көрмесеңде сәлеміңді аяма! ! !
Қ / сы:
Өртендім-ау сағыныштан