«ҰНАЙСЫҢ МАҒАН»
1.Жарық еттің де күндей алдымнан,
Сыйладың бір нәзік сезімді!
Ақылымды білмей жаңылам
Аңсағанда бал мінезіңді.
Ерік берсең күн дидарыңнан
Алмас едім мәңгі көзімді.
Қалмашы сен ылғи жанымнан
Шын ұнатып қалдым өзіңді!!!
Қ / сы:
Ұнайсың маған, ұнайсың маған
Төбемде сөнбес күн-айсың маған!
Ұнайсың маған, ұнайсың маған
Төбемде сөнбес ей күн-айсың маған!
ай күн-айсың маған!
2.Күндей күлген аспанымдағы,
Еркелеген кезің керемет!
Толқытасың жас жанымды әлі
Тұсау салып төзімге кенет.
Болып жүрме басқаның бағы
Құпиялы сезімге бөлек.
Өтпесінші қас қағым бәрі,
Жан жықпаған өзіңдей керек!!!
Қ / сы: сазды әуен Қ / сы – 2 рет.