Ұқтырғандай әлде бір сырды
Аялады жанарың нұрлы
Күттім екен бір хабар күннен
Тереземде аппақ гүл тұрды
Аялаймын арманымдай асыл
Қарасындай көздің күтемін
Сен ұсынған сол бір аппақ гүлдерді
Қайырмасы:
Аппақ гүлдер ақ гүлдер
Жәудіретіп көзді сүзбеңдер
Аппақ гүлдер ақ гүлдер
Үмітімді менің үзбеңдер 2 рет
Тереземде төгілген шуақ
Сығалайды сырымды ұрлап
Мұңаяды гүлдерім менің
Сабағында мөлдір шық құрғап
Аялаймын арманымдай асыл
Қарасындай көздің күтемін
Сен ұсынған сол бір аппақ гүлдерді
Припев