Толқынданып қолаң шаштарың
Қиылып тұр қара қастарың
Көңілімнің мөлдір гүліндей
Көз қиығын кімге тастадың 2
Ұшқан бақыт қайта қонбайды
Махаббаттың орны толмайды
Табамын ғой мен де басқаны
Бірақ ешкім сендей болмайды 2
Ұмыттың ба алма бағымды
Ұмыттың ба салған әнімді
Сенен басқа мынау жалғанда
Кім түсінер менің жанымды 2
Оралды ғой құстар бағына
Күтіп жүрмін сені сағына
Қара көзім талса қайтейін
Қарай, қарай сенің жолыңа 2