Келе жатсам көшеде көңілім тасып
Бір сұлу қыз келеді ай кердең басып
Жеделдетіп жанына барғанымда ай
Сөз таба алмай айтуға қалдым сасып
Қ-сы:
Ойпырмай сол қызды-ай
Қарақат көзді бұл қызды-ай
Ой пой былқылдап, сылқылдап
Жанар оттай жылтылдап
Ұстараның жүзіндей
Тұр ғой ылпылдап
Енді қыздан қалмадым жана салап
Алып кету ойымда оңашалап
Әттең шіркін не пайда көргеніңнен
Іліп кетті ау бір жігіт құдашалап
Қ-сы:
Қош деді де жөніне кетті сұлу
Қиын болды ау теріме енді сию
Әлде болса сол қызды жолықтырам
Жанған оттай жүректе қалды жылу
Қ-сы: