Мейрим Мен сені ғумыр бойы іздегенмін Ожидает модерации

00:00 / 04:09
Loading
Скачать
1
12
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Свойства файла: 9,5 Мб 320 кбит/с
Загружено: Мейірім Әуелханұлы @ 04.12.25
Текст песни «Мен сені ғумыр бойы іздегенмін»
  
[Verse 1]
Мен сені ғұмыр бойы іздегенмін,
Табудан үмітімді үзбегенмін.
Сенбесең, үңіл менің іздеріме,
Сауырын соқпақ еткен, жүзбенен мұң.

[Chorus]
Жан едім жапан түздің киігіндей,
Жүр едім жарсуатқа, үйірілмей
Жаным-ау алдың баурап
Жаным-ау алдың баурап
Жаным-ау алдың баурап, иірімдей.

[Verse 2]
Бозартып, көңілімнің көшкіні еткен,
Басымнан талай-талай- көшті көктем.
Тамшы боп тереземді қаққақн сонда
Дүрсілін жүрегімнің естімеп пе ең?!

[Chorus]
Жан едім жапан түздің киігіндей,
Жүр едім жарсуатқа, үйірілмей
Жаным-ау алдың баурап
Жаным-ау алдың баурап
Жаным-ау алдың баурап, иірімдей.

[Instrumental]

[Verse 3]
Құшағың қарсы алдымнан тұрса да ұшып,
Өзгеге болмап едім, мұнша ғашық.
Сәлемің сенің ғана серпілтеді
Көңілім көп нәрседен жүре жасық.

[Chorus]
Жан едім жапан түздің киігіндей,
Жүр едім жарсуатқа, үйірілмей
Жаным-ау алдың баурап
Жаным-ау алдың баурап
Жаным-ау алдың баурап, иірімдей.

[Instrumental]

Жаным-ау алдың баурап
Жаным-ау алдың баурап
Жаным-ау алдың баурап, иірімдей.
Текст добавлен: Мейірім Әуелханұлы