Ажарың ашық екен атқан тандай
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай
Анаңнан сені тапқан айналайын
Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай
Қайырмасы:
Беу-беу гауһар тас
Құсни, құрдас
Раушан жүзіңдау көргенде ай
Сәулем-ай, сабырым қалмас
Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң
Сылдырап шашбауыңмен алтын сырғаң
Жай жүріп шаттанасың әсерленіп
Әсемсің аққу құстай мойын бұрғанай
Қайырмасы:
Беу-беу Гауһартас
Құсни, құрдас
Раушан жүзіңдау көргенде ай
Сәулем-ай, сабырым қалмас
Сәулем-ай, сабырым қалмас