Сен тұрасың жолымды тосып,
Махаббатты әніңе қосып
Жастық қандай жанды тербеткен.
Сен-бозбала, мен-бойжеткен.
Ақ гүлдер қауызын ашып па,
Арманы тәтті ғой ғашыққа.
Біз әлі жетерміз арманға
Бозбала, тек сен асықпа. l
Өмір бізге бақыт сыйлайды,
Ашық сезім жырлайды.
Асықпа сен, жүрек тулайды.
Мезгілсіз гүл жұлмайды
Жүректі тыңдайды
Сен, бозбала, асықтың неге,
Күте алмассаң, ғашықпын деме.
Бақытыңды күтіп аз ғана
Сезіміңді сына, бозбала.
Алдымызда бір үміт шырақ.
Балтын көңіл, балауса құрақ.
«Алтыбақан» тебейік бірге,
«Ақсүйек» ертерек бірақ.
Өмір бізге бақыт сыйлайды,
Ашық сезім жырлайды.
Асықпа сен, жүрек тулайды.
Мезгілсіз гүл жұлмайды
Жүректі тыңдайды
Өмір бізге бақыт сыйлайды,
Ашық сезім жырлайды.
Асықпа сен, жүрек тулайды.
Мезгілсіз гүл жұлмайды
Жүректі тыңдайды
Өмір бізге бақыт сыйлайды,
Ашық сезім жырлайды.
Асықпа сен, жүрек тулайды.
Мезгілсіз гүл жұлмайды
Жүректі тыңдайды