Өзіңді ойша өзіме сыңарым қып
Басып алды жүректі бір ауырлық
Сол бір сезім болып кетті маған жүк
Ол туралы айта алмадым саған түк
Өмір сүргесін арамызда адалдық
Мен сенің шын досыңдай жанмын
Бағыңа тілекші адаммын
Бақытты болшы деуші ем әр күн
Маған сенші
Алайда досың болып жүріп
Мен сені жақсы көріп қалдым
Жүректі неге баурап алдың?
Жауап берші
Маған қымбат достығың бақытыңда
Бұл махаббат тоқтасын уақытында
Сол бір сезім болсадағы маған жүк
Бәрібірде айта алмаймын саған түк
Өмір сүргесін арамызда адалдық
Мен сенің шын досыңдай жанмын
Бағыңа тілекші адаммын
Бақытты болшы деуші ем әр күн
Маған сенші
Алайда досың болып жүріп
Ойымнан неге кетпей қалдың
Жүрекке неге жетпей қалдың?
Жауап берші